Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейіРесми интернет-ресурс
Рус

Миссия, мақсаттар мен міндеттер

Жарияланған күні: · Өзгертілген күні:

Мектеп-лицейдің тақырыбы

«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім беру сапасы мен педагогикалық технологияларды жетілдіру».

Мақсаты: оңтайлы дамытушы білім беру ортасын құру және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті: оқу және факультатив сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жұмысын жалғастыру.

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу сапасына қол жеткізу факторы ретінде педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».

Ұжым жұмыс істеп жатқан мәселе: «Функционалдық сауаттылық — білім беру сапасын дамытудағы негізгі басымдық».

Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеуге және оқытуға бағытталған инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Негізгі міндеттері:

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Тәрбие жұмысы қазақ халқының ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сүйенеді.

Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азамат тәрбиелеу.

Міндеттері:

Тәрбие жұмысының жоспары құрылған үш құндылық

Тәрбие жұмысының нәтижесін қалай бағалаймыз